Алматы аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы аталып өтуде

16.04.2018 16:26

Алматы аудандарында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылдығы аталып өтуде. Былтыр дәл осы уақытта Елбасының «Болашаққа бағдар» бағдарламасының аясында Наурызбай ауданында «Әліби» саябағы ашылған еді. Бүгінде аталған аймақ еңкейген қарт пен еңбектеген баланың жайлы орнына айналған.

«Бұл жерде спортпен айналысам деген тұрғындарға барлық жағдай қарастырылған. Оны айта кетсек, ворд ауласы бар, велоаула, скейтборд ауласы, жасөспірімдерге арналған неше түрлі аттракцион қарастырылған», - деді Алматы қаласы «Әліби» саябағының директоры Жанболат ТІЛЕУБАЕВ.

«Рухани жаңғырудың» әлден-ақ игілігін көріп жатқан студенттер бағдарламаның орны ерек дейді. Жастар бір жылда атқарылған істерді өз беттерінше қорытындылады.

«1 жыл болды. Сонымен қатар, қорытындысын түгелдей анықтау керек. Өздеріңіз білесіздер, не істелінді? Қандай мәселелер көтерілді? Қандай механизмдер қазір қосылуда? Соның бәрін анықтау үшін жиналдық. Өз жеке тарапымнан айтсам, «Рухани жаңғыруды» қалай түсінемін иә? Ол біріншіден, қазақ тілінде сөйлеу», - деді Алматы қаласы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Дулат ҚАСЫМОВ.