Алматы әуежайында ұшуларды апаттық құтқару базасында жаттығу жұмыстары жүргізілді

28.09.2017 в 23:18

Алматы әуежайында ұшақ өртенді. Ғаламторда әуе кемесінен қошқыл түтін тарап жатқан видеосы пайда болды. Оны түсірген азамат қызыл жалынды ауыздықтауға бірнеше құтқарушы мен екі өрт сөндіру машинасы барғанын айтып отыр.

Ал Алматы халықаралық әуежайының айтуынша, іздестіру және ұшуларды апаттық құтқару базасында жаттығу жұмыстары жүргізілген. Құтқару тобы жерге төгіліп, өртенген жағармайды сөндіріпті. Анықталғандай, мұның бәрі әуежай қызметкерлерінің сақадай-сай екендігін тағы да бір пысықтау мақсатында ұйымдастырылған.