Алматы да Әуезов ауданы әкімінің шыршасы өтті

22.12.2016 16:21

Алматы да Әуезов ауданы әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық кешке аудандағы әлеуметтік аз қамтылған, жетім және мүгедек бүлдіршіндер шақырылған. Театрландырылған, жаңа жылдық шыршаға жалпы саны 600-ден аса бала қатысты. Олар ертегі кейіпкерлерінің қойылымдарын көріп, ойындар ойнады. Сонымен қатар, мереке соңында аудан әкімі атынан дайындалған арнайы сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндерге арналған шырша 8 қаңтарға дейін жалғасады. Жоспар бойынша, жалпы саны 20 мың бала қамтылмақ.


«600 баланы қамтып, өздерінің жаңа жылға арналған сый-сияпаттарын беріп, өздеріңіз көріп жатқан қойылым болып жатыр. Былай айтқанда шыршаның жанында біздің әртістеріміздің барлығы бірігіп осындай қойылым қойып жатыр»,- деді Алматы қаласы Әуезов аудандық тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Бекжан ҚУАНЫШОВ.