Алматы жылу маусымына дайын

08.09.2017 в 18:34

Алматы жылу маусымына 95 пайыз дайын. Қаладағы қазандықтар жөндеу жұмыстарынан толық өткен. Мегополисте үлкен жылу станцияларынан бөлек, 78 ыстық су мен жылу өндіретін орталықтар бар. Олардың жартысынан көбі табиғи отынмен жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде экономикаға және экологияға оң әсерін тигізеді екен.


¤Мына жылу станциясы биылдан бастап көгілдір отынмен жұмыс істейді. Мұнда екі қазандық орнатылған. Олар осы аудандағы 5 қабатты 9 үйді ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етеді. Жылу орталықтарын табиғи отынға ауыстыру жұмыстары жыл сайын жүргізіліп келеді. Биыл екі станция газға ауыстырылған. Дизель отынымен салыстырғанда жылына 45 миллион теңге үнемдейміз, дейді маман.


«Бұрын дизельдік отынымен істейтін. Каменская плата бұрын мазутпен істейтін. Енді осы қазандық газға өткіздік. Газға өткізгеннен кейін осы қазандықтар 36,7 пайызға экономия әкелді», - деді Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Ғалы АХМЕТОВ.

 

Ал 2015 жылы тұрғызылған жылу станциясы әу бастан табиғи отынмен жанады. Қызметкерлер техникалық жағдайдың барлығын монитордан бақылап отырады.


Мына жылу станциясы қаланың ортасында орналасқан. Мұнда 4 су қыздырғыш және 2 бу өндіретін қазандықтар бар. Олардың барлығы газбен жұмыс істейді. Орталық толықтай «жас қанат» ықшам ауданын ыстық сумен және жылумен қамтамасыз етуге қауқарлы. 


Алматыда 78 жылу қазандығы бар. Олар жыл сайын біртіндеп табиғи отынға ауыстырылып жатыр. Газбен жұмыс істейтін станциялар ауаға зиянды затты 2 есе аз шығарады. Бүгінде дейін 75 жылу орталықтары көгілдір отынға көшірілген.

 

Өмір Әнуарбек, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы