Алматы гүлзарлары шетелдік дизайнерлердің қызығушылығын тудырды

07.08.2018 04:00

Алматының кілем гүлзарлары тек тұрғындардың ғана емес, шетелдік дизайнерлердің қызығушылығын туғызуда. Әлемнің 8 елінен келген ландшафт архитекторлары қаланың тәжірибесін зерттеуде. Олар екі күн аралығында саябақтар мен көше бойына отырғызылған гүлдермен таныспақ.

Биыл шаһардың 53 мың шаршы метрден астам жеріне әсем өсімдіктер егіліп, гүлзарлар жасалды. Қаланы абаттандыру үшін 8 мердігер компания жұмылдырылған. Олар гүл отырғызу жұмыстарын маусым айында аяқтады.  

«Алматыға алғаш рет осыдан екі жыл бұрын келгенмін. Саябақтағы кілем гүлзарлары ерекше ұнады. Меніңше, Қазақстан посткеңестік кеңістіктегі осындай әсем гүлзарды сақтаған мемлекет. Мұндай гүлзар кілемін Дубайда ғана көргенмін. Жоғары сапада және аса жоғары талғаммен егілген осындай гүлзар әлем бойынша да жоқ деп санаймын», – деді дизайнер (Санкт-Петербург) Дмитрий БАРАНОВ.

«Алматы қаласында бұрын өзіміздің Алматының апорты мен Шымбұлақ болса, одан кейін осы кілем гүлзарлар шетелдік қонақтарды тәнті етіп келген. Сондықтан, енді Алматының өзінде қазір Тұңғыш Президент саябағы үлкен дәрежеде көрсетілетін саябақ», – деді «Грин ланд» ЖШС директоры Гүлзада ҚАЛДЫБАЕВА.