Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау орталығы ашылды

12.09.2017 22:41

Алматылықтар білім, медицина және құқық саласындағы мәселелерді бір орыннан шеше алады. Ол үшін түрлі басқарманың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ. Қалада осы мақсатта Алматы қаласы әкімдігінің қоғамдық қабылдау орталығы ашылды. Атап өтерлігі, бұған дейін Open Almaty.kz порталы мен 1308 арнайы желіcі іске қосылған болатын. Сайтта коммуналдық-шаруашылық, білім беру саласы мен балабақша мәселелері бойынша да өтініштер қабылданады. Мұнда мамандар тұрғындардың арыз-шағымдарын қабылдап қана қоймай, өз бизнесін бастаймын деген азаматтар үшін кеңесте береді. Жаңа орталықты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек те аралап көрді. Қоғамдық қабылдау орнының мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыруға, оған қоса тұрғындарға ашық жұмыс істеуге септесетіндігін атап өтті. 

Жаңа орталық жұмыс күндері таңғы сағат 8-ден кешкі сегізге дейін қызмет көрсетеді. Ал, сенбі күні 10-нан бастап, 5-ке дейін жұмыс істейді. Орталық Алматы тауэрс бизнес орталығында орналасқан. Алдағы уақытта мұндай орын қаланың барлық ауданында бой көтеруі мүмкін.

«2018 жылдан бастап мекемелердің санын көбейтеміз. Басқарма санын көбейту жоспарлануда. Қазіргі таңда мына жаққа келушілердің саны көбейсе, оның халықтың шағымдары қалай шешілгеніне байланысты біз оны көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деді «OPEN ALMATY» орталығы операциялық залының жетекшісі Нұрлан ЖАЙЛАУБАЙ.