Алматыда да ауыс-түйіс. Қала әкімінің жаңа орынбасары қызметіне Алмас Мәдиев уақытша тағайындалды. Өйткені, Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға түскен Ерлан Әукенов бір жарым жылдық оқу демалысына кетеді. Қала әкімі Бауыржан Байбек оның энергетикалық кешен мен коммуналды шарушылық салаларын, кәсіпкерлікке инвестиция тартудағы атқарған жұмыстарына жоғары баға берді. Ал орынбасар міндетін атқарушы болып сайланған Алмас Мәдиев бұған дейін кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық басқармасының басшысы еді.