Алматы қаласына қар көшкіні қаупі төніп тұрған жоқ

28.03.2017 16:22

Шымбұлақтағы құтқарушылар қар көшкінінің қауіпі өте жоғары десе, қалалық төтенше жағдайлар департаменті таудан келетін еш қатер жоқ деп сендірді. Төтеншеліктер күні кеше Үлкен Алматы көлінің маңындағы Аюсай, Күмбел шатқалдарында көшкін жүріп, 2 мың 900 текше метр көлемінде қар жинаған. Қазір Медеу-Шымбұлақ және Алматының Үлкен көлі мен нөмірі бірінші су электр станциясына барар жолдар уақытша жабылған. Аталмыш жерлерде қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.

«Бүгінгі күнге дейін үш аэровизуалдық бақылап отырдық. Сол бақылаудың барысында таулы бөктерде қар жамылғысы 1,5-1,67 есеге көп болып тұр. Сондықтан профилактикалық қар түсіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі сәтте біз 11 профилактикалық қар түсіру жұмыстарын жасадық. Қазіргі сәтте Алматы қаласына қар көшкіні қаупі төніп тұрған жоқ», - деді  Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш БАЙМАХАМБЕТОВА.