Биылғы қыс Алматылықтарды бірқатар жағымды жаңалықтарымен қуантты. Оның бірі шаһарда тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін 6 сырғанау алаңы ашылды. Қала жұртшылығы мен қонақтары онда қалаған уақытында тегін конькимен сырғанап бос уақыттарын өткізулеріне болады. Біздің редакция бұл алаңдар жайлы сіздерге ыңғайлы, әрі түсінікті етіп ұсындық.
1. Әуезов ауданы
Мекен-жайы: Жандосов көшесіндегі, «Дубок» ықшам ауданында орналасқан. Жалпы ауданы 924 шаршы метрді құрайды.
2. Түрксіб ауданы
Мекен-жайы: Рихард Зорге көшесі, 18 «Март» сауда орталығы
Сырғанау алаңының жалпы көлемі 722 шаршы метр.
Алаң конькилерді жалға беру және тамақтану орталықтарымен қамтамасыз етілген.
Демалыс күндері 11.00-ден 23.00-ге дейін, ал жұмыс күндері 12.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады.
Бостандық ауданы
Мекен-жайы: «Вилла дей Фиори» мейрамханасының маңында орнатылған.
әл-Фараби даңғылы, 140а
Көлемі 600 шаршы метр.
4. Медеу ауданы
Мекен-жайы: «Спартак» (Орталық мәдениет және демалыс саябағы) стадионында орналасқан.
800 шаршы метр жерге жасалған.
5. Алатау ауданы
Мекен-жайы: «Саялы» ықшам ауданы
6. Наурызбай ауданы
Мекен-жайы: №174 гимназия маңында орналасқан.
Сондай-ақ, барлық сырғанау алаңдарында конькилерді 1 сағатқа 500-600 теңгеге жалға алуға болады. Ал, егерде конькиді өзіңізбен бірге алып келсеңіз тегін сырғанай аласыз.
Біз осылайша қысқа да нұсқа тегін сырғанау алаңдары туралы ақпараттарды бердік. Күтіңіздер алды да жалғасын жасаймыз. Демалыстарыңыз жарқын болсын!