Алматы қаласының әкімдігінде бірнеше кадрлық өзгерістер орын алды. Бірден қос ауданның әкімдері қызметінен ауысты. Енді Алатау ауданының экс-әкімі Бағдат Мәнізоров қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында басшы қызметін атқаратын болады. Ал Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарған Талғат Разақов еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасын басқарады. Басқарманың қос су жаңа басшыларына қала әкімі Бауыржан Байбек бірқатар тапсырмалар жүктеді. Бағдат Мәнізоровқа Алматыдағы құрылысқа берілетін рұқсат пен лицензияны қатаң бақылаудан өткізіп барып тапсыру керектігін айтты. Ал Талғат Разақовқа басшылардың жұмыскерлер алдындағы еңбекақы берешегін уақытылы өтеуін реттеуді тапсырды. Сондай-ақ құрылысқа заңсыз қолданатын жұмыс күштерін тексеріп, қалада еңбек қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз ету керектігін айтты.