Алматы қаласының әкімі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

29.09.2017 в 23:49

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Шаһар басшысы қаладағы үздік мұғалімдермен кездесіп, олардың істеп жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Алматыда ең дарынды мұғалімдер еңбек ететінін айтты. Сондай-ақ соңғы бес жыл ішінде қалада 15 мың орындық 280-нен астам балабақша, шамамен 15 мың адамға арналған 13 мектеп ашылды. Тек өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 500 орындық 4 балабақша пайдалануға берілген. 


«Болашақта біз осындай бірінші орындарда боламыз десек, онда ең бастысы балалармен жұмыс істеу керек. Сондықтан білім саласында біздің ұстаздар, мектептердің, колледждердің басшылары, білім басқармасының төрағасынан бастап, үлкен жұмыс атқаруда. Сондықтан сіздерді үлкен мереке қарсаңында алғысымды білдіргім келіп отыр», - деді Алматы қаласының әкімі Бауыржан БАЙБЕК.