Алматы қаласының бас имамы ауысты

29.01.2018 21:36

Алматы қаласының бас имамы ауысты. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жұма намазға жиналған жамағат алдында білікті исламтанушы- Еркінбек Шохайды таныстырды. 38 жастағы білікті азамат осыған дейін еліміздегі бірнеше оқу орындарында, ғылыми орталықтарда оқытушы, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Діни қызмет саласындағы тәжірибесі 12 жыл. Ал қаланың бас имамы қызметін 5 жыл атқарған Нұрбек Есмағанбет жаңа қызметке тағайындалды. Бұдан былай, ол еліміздегі діни бірлестікте Дін істері және талдау бөлімінің басшысы қызметін атқаратын болады.