Алматы Хайуанаттар бағының есепшісіне қатысты сот басталды

19.10.2017 23:21

Алматы Хайуанаттар бағының есепшісіне қатысты сот басталды. Бірақ болмай жатып, кейінге шегерілді. Өйткені, судья басқа процестен босай қоймапты. Енді есепшінің ісі 25-ші қазанға белгіленді. Еске сала кетейік, хайуанаттар бағының есепшісі Марина Назарова билеттен түскен пайданы иемденгені үшін айыпталып отыр. Сатылған билеттер туралы базаға тіркелген ақпаратты өз қолымен өшірген. Әккі әрекеті арнайы тексеріс нәтижесінде әшкере болды. Осылайша, зообақ есепшісі, айыптаушы тараптың дерегінше 32 млн теңгені қолды еткен.