Алматы: Медеу ауданында ең үздік 60 дәрігер анықталды

15.06.2018 17:51

Алматының Медеу ауданындағы ең үздік 60 дәрігер анықталды. Оларды кәсіби мерекесі қарсаңында бүгін аудан әкімі құттықтап, алғыс хаттар табыстады. Аудандағы 13 емдеу мекемесінде бүгінде 3000-нан астам дәрігер қызмет етеді. Олардың барлығының ұлт саулығын нығайтуда еткен еңбегі өлшеусіз. Сондықтан болар аудан дәрігерлері біліктілігі жағынан осымен алтыншы жыл қатарынан қалада көш бастап тұр.

«Дәрігер болған өте қиын, дәрігер өте күрделі мамандық. Осындай маман иесі болғандықтан сен күні-түні жұмыста боласың. Әрдайым науқастың халын ойлайсың. Сондықтан, 24 сағат жұмыста болғандықтан, жылына бір рет бізді осылай марапаттап, бізді құттықтап, осындай кереметтей шара өткізіп, көңілдерін көтеріп деңгейін көтеріп ол керек»,-деді Алматы қалалық №5 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Мая БОЛШАНОВА.