Алматы облысында бірден 25 балабақша ашылды

02.12.2016 16:37

Алматы облысында бірден 25 балабақша ашылды. Бұл ел Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай ұйымдастырылған. Облыстың бірнеше ауданында бір сәтте ашылған балабақшалар мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асқан. Ашылған 25 балабақшаның 9-ы Талғар ауданына тиесілі. Балабақшалар 50 орыннан басталып 300 балаға дейін қабылдауға қабілеті бар екен. 


 «Бұл жеке кәсіпкер Ғани Шәймерденұлының басшылығымен салынып отыр. Бұл жерде жүзге жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда, біз бала тәрбиесі деп отырмыз басты назарда. Сондықтан да  балаларды ұлттық тәлім-тәрбие беру біздің басты борышымыз»,- деді Балабақша меңгерушісі, Жазира БЕЙСЕНҚЫЗЫ.