Алматы облысында броконьерлер ұсталды

21.09.2017 01:31

Алматы облысында броконьерлер ұсталды. Қоңыр аюды заңсыз жолмен аулағаны үшін жергілікті елді-мекеннің екі азаматы күдікті болып отыр. Тексеру кезінде жабайы аңдарды аулауға арналған мылтық пен темір ілмек және жаңадан сойылған аю терісі табылған.


¤Дегенмен, сарапшылар жануардың нақты қандай аң екенін әлі де зерттемек. Әзірге ауланған аң Тянь-Шаньдық қоңыр аю деп болжануда. Аталмыш жағдайға қатысты заңсыз аңшылық және қару-жарақпен жүру немесе оны тасмалдау деген екі факті бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.