Алматы облысында жалған АҚШ долларын теңгеге ауыстырмақ болғандар ұсталды

Алматы облысында жалған АҚШ долларын теңгеге ауыстырмақ болғандар ұсталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында жалған долларды теңгеге ауыстырмақ болғандар ұсталды. Күдіктілердің екеуі Тәжікстан азаматтары, екеуі қазақстандықтар. Олар  Алматы-Бішкек тас жолында орналасқан ақша айырбастау пунктінде жалған 30 мың долларды 3 миллион тенгеге ауыстыруды жоспарлаған. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, басқа да қылмысқа қатыстары бар-жоғы анықталатын болады.  


«Бұдан ары қарай жедел іздестіру шаралары барысында бұл азаматтардың тұрғылықты жерлерінде 20 дана 100 долларлық ақша және 1 ұсталған азаматтың қалтасында 7 дана 100 долларлық жалған ақша анықталған. Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметімен, ҚР қылмыстық кодекстің 231 бабы, яғни «құнды қағаздар немесе банкноттар жалған жасау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Алматы облысы  МКД Экономикалық тергеу қызметінің өкілі Жақсылық МЫРЗАХАН.


Новости партнеров