Алматы облысында жол апатына ұшыраған көлікте әкімдік қызметкерлері болған

Алматы облысында жол апатына ұшыраған көлікте әкімдік қызметкерлері болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысындағы Кеген-Нарынқол тас жолында жантүршігерлік көлік апатына ұшырағандардың ішінде әкімдік қызметкерлері болған. Қазір Райымбек аудандық білім бөлімінің үш маманы ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Райымбек ауданының білім бөлімінде жұмыс істейтін үш адам көлік апатына ұшырап, ауруханаға түсті. Қабырғасы сынып, басынан жарақат алған 46 жастағы бас есепші жансақтау бөлімінде жатыр. Ал аяғы сынған 29 жастағы маман мен 31 жастағы әйел жалпы палатаға орналастырылды. Бұл мамандар аудан бөлінбей тұрған кезде Кеген ауылында отырған. Қазір олардың жұмыс орны Нарынқолда. Сол күні олар Кегеннен құжаттарын, заттарын жинақтап Нарынқолға келе жатқанда, көлік апатына ұшыраған», - деп мәлім етті Райымбек ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақнұр Ауғанбай.

Маманның айтуынша, әкімдік қызметкерлері жол апатына жекеменшік көлікпен ұшыраған.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Кеген-Нарынқол тас жолында жантүршігерлік көлік апаты  салдарынан 5 адам мерт болып, 7 адамның ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.  




Новости партнеров