Алматы облысында Сонымбүбі Құданалықызын еске алу кеші өтті

03.10.2017 в 22:48

Алматы облысында Сонымбүбі Құданалықызына арналған еске алу кеші өтті. 80-ге келіп дүние салған кейуана 11 баланы тәрбиелеп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтаға шоқыттырмай өсірген. Көзі тірісінде «Алтын алқа», «Ұлы Отан соғысы жеңісінің» жылдық медальдарымен марапатталған. Балалық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген қырғыз қызы еңбекке ерте араласқан. Одан өрбіген ұрпағы марқұмға арнап «Анаға тағзым» атты кітаптың тұсауын кесті. Оқулық 400 данамен басылған.