|
13.03.2017 | 11:52
1494

Алматы облысында супермаркеттің кассасын тонауға тырысқан азамат ұсталды

Алматы облысында супермаркеттің кассасын тонауға тырысқан азамат ұсталды

Тағы бір қарулы шабуыл қайғылы оқиғамен аяқталуға шақ қалды. Алматы облысының Талғар қаласында қаруланған ұрлықшы жергілікті супермаркеттің кассасын тонауға тырысқан. Оның бұл әрекеті бейнебалқылау камерасына жазылып қалған. Бетперде киген бұзақы қаруды суырып алып, оны сатушыға кезенеді. Алайда, сатушы әйел еш саспастан, қарулы қылмыскермен қоян-қолтық ұрысқа кіріседі. Осы сәтте көмекке әріптесі мен сатып алушылардың бірі келеді. Ержүрек сатушы шабуылдаушының қолындағы қаруын тартып алады. Облыстық Ішкі Істер Департаменті хабарлағандай, қазір қолға түскен 22 жастағы күдікті жігіт Талғар аудандық Ішкі істер бөлімінің тергеу изоляторында отыр. Оған қылмыстық кодекстің «қарақшылық» дерегі бойынша іс қозғалды. Белгілі болғандай, шабуылдаушының қолында ресми түрде еш жерде тіркелмеген тегіс ұңғылы қару болған.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир