Алматы - СПИД пен ВИЧ инфекциясынан азат қала атанбақ

Алматы - СПИД пен ВИЧ инфекциясынан азат қала атанбақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы - СПИД пен ВИЧ инфекциясынан азат қала атанбақ. Қала басшылығы індетті тоқтатуға шақыратын Париж декларациясына қол қойды. Қазіргі таңда, бұл бағдарламаға әлемнің 72 қаласы қатысып отыр. Құжатқай сай, аты жаман дертке шалдыққан халықтың 90 пайызы ол туралы хабардар болу тиіс, қажетті дәрі-дәрмекпен қамтылуы керек және дертке шалдыққандардың саны азаюы қажет.

«Еуропада бұл қауіпті індеттер эпидемиясы тоқтатылған. Әзірге Қазақстанда бұл аурудың өсімі байқалады. Бірақ Ресейге қарағанда бәсеңдеу. Дегенмен, оны жою қажет»,- деді Қазақстандағы ЮНЭЙДС елдік кеңсесінің директоры, Александр ГОЛИУСОВ.

Елімізде ғасыр дертін жұқтырғандар саны әлі азаймай тұр. Алматыдағы СПИД орталығында 2500 адам тіркеуде тұр. Атап өтерлігі, қатерлі кеселге шалдыққан әйелдер дені сау сәбиді дүниеге әкелуде.

«Қазіргі таңда бізде 98 пайыз осы анадан балаға жұқтырылатын індеттің жолын біз профилактикалық алдын-алу іс-шараларын өте жоғары деңгейде өткізіп жатырмыз. Өйткені, 98 пайыз осы індетті жұқтырған ана бұл дүниеге дені сау бала алып келуге толық мүмкіншілігі бар. Және балаларды осы жаңадан туған індетті жұқтырған аналардан туылған балаларды біз 100 пайыз ретро вирустық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіп отырмыз»,- деді ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері, Талғат БАПИЕВ.


Новости партнеров