|
03.08.2018 | 12:44
997

Алматы полициясы 178 шетел азаматын еліне қайтарды

Алматы полициясы 178 шетел азаматын еліне қайтарды

Алматыда мыңнан аса шетелдік азамат заңсыз тұрып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ІІД 24 шілдеден басталған «Мигрант» профилактикалық шарасының қорытындысын жариялады. Апталық нәтижесінде 1 065 азамат əкімшілік жазаға тартылды. Оның 178-і елден шығарылды.

«Сот шешімімен елден 178 шетелдік азамат ҚР Көші-қон туралы заңнаманы бұзғаны үшін сыртқа шығарылды. Шетел азаматтарын заңсыз жұмысқа алғаны үшін 34 жұмыс беруші жауапқа тартылды», – деді қалалық ІІД Көші-қон басқармасы басшысының орынбасары Жандос Тұрысбеков.

Ал ІІД қабылдау бөлімдеріне 432 шетелдік азамат жеткізілген. Сонымен қатар, шетелдіктер заңсыз жұмыс жасайтын қоғамдық орындар тексерілді.

«Жыл басынан бері Алматыда 212 мың шетелдік азаматтың ішінде Көші-қон заңнамасын бұзған 21 мың адам əкімшілік жазаға тартылды, 1 756 адам қамалды, 1 266 адам еліне қайтарылды», – деді Жандос Тұрысбеков.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир