Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Қазақстанның ең үздік қолөнершісі анықталды. «Шебер-2017» республикалық байқауының соңғы кезеңі өтті. Бармақтары буынсыз қолөнершілер мұндай шараның ұйымдастырылғанына дән риза. Байқауға Қазақстан бойынша 90 өтініш келіп түскен. Ақтық сайысқа 36 бұйым өтіпті. Жеңімпаздар 10 номинация бойынша марапатталды. Жыл өткен сайын әділқазылар үздік шеберді анықтау қиынға түсіп жатыр, дейді. Себебі, қолөнер бұйымдарының сапасы жылдан-жылға жоғарылап барады. 2017 жылдың ең үздік шеберіне Қазақстан қолөнершілер одағының арнайы марапаты - «Хас шебер» атағы берілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
25.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
24.11.2026 10:10
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
25.11.2026 10:20