Алматыда "Үш-қоңыр" базарынан өрт шығып, 1 автокөлік жанып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдағы "Үш-қоңыр" базарынан өрт шығып, құтқарушылар келгенше 150 шаршы метр аумақты жалмап үлгерді. Қызыл жалын сағат 11-лер шамасында базар аумағындағы көлік жөндеу орталығынан шыққан. Артынша, жапсарлас тұрған 1 контейнер мен 2 сауда нүктесіне тиген. Тілсіз жау тұтанғанда көлік жөндеу орталығында бірнеше темір тұлпар тұрыпты. Қайта иелері маңайда болып, автокөліктерін дер кезінде шығарып үлгерген. Ал, "Toyota Windom" маркалі автокөлік түгі қалмай жанып кеткен. Қызыл жалынды ауыздықтауға 39 өрт сөндіруші мен 7 арнайы өрт техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36