Алматыда «Үздік діни шығарма» байқауының жеңімпаздары анықталды

18.10.2017 в 05:16

Алматыда 4 айға созылған журналистер арасындағы «Үздік діни шығарма» байқауының жеңімпаздары анықталды. Конкурсқа 100-ден аса шығармалар келіп түскен. Олардың ішінде діни тақырыптағы бағдарламалар, бейнероликтер, мақалалар бар. Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 миллион теңге. Үздік деп танылған туындының авторына 100 мың теңге және мақтау грамотасы табысталды. Сонымен қатар, ынталандыру сыйлықтары да берілді. Алматы арнасында шыққан «Ғибрат» бағдарламасы «Үздік телебағдарлама» номинациясын жеңіп алды. Конкурс биыл бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Алдағы уақытта да осындай іс-шараларды өткізу жоспарда бар екен.  

«Біздің мақсатымыз мына діннің айналасындағы өзекті мәселелерді журналистер қауымы арқылы жариялау. Яғни, теріс діни өкілдері туралы қандай да бір шынайы ақпараттарды беру. Осы арқылы біз ең бастысы, қоғамда, халық арасында осындай теріс ағымдарға қатысты азаматтар арасында дұрыс пікір қалыптастыру. Яғни, шынайы ақпарат беру. Теріс діни ағымдардың идеалогиясына қарсы иммунитетті нығайту болып отыр», - деді Алматы қалалық Дін істер жөніндегі басқарма басшысы Айдар ЕСЕНБЕКОВ.