Алматыда 1 ақпаннан бастап үй жануарларын вакцинациялау басталады

Алматыда 1 ақпаннан бастап үй жануарларын вакцинациялау басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1 ақпаннан бастап төрт түлік пен үй жануарларын вакцинациялау басталады. Бастапқыда ірі және ұсақ малдарға аусылға қарсы екпе салынса, көктемге таман пастереллёз, бруцеллёз, қара сан мен сібір жарасына қарсы дәрі құйылады. Сондай-ақ қаладағы 45 мың ит пен мысыққа құтырма ауруына қарсы вакцинация егілмек. Ескерте кететіні, бұл жұмыстардың барлығы тегін.

Мына шағын шаруа қожалығында шамамен 100 шақты мал басы бар. 8 жылдан бері кәсіпкер Алматыдағы 5 сауда нүктесіне күн сайын 1 тоннадан астам сүт пен 100 литрдей қымыз тасиды. Ал тауардың сапасына халық тарапынан бір де бір арыз түспепті. Өйткені, төрт-түлігін әр жарты жыл сайын осылай ветеринарлар келіп, тексеріп кетеді. Тиісті вакцинаны да уақыты алады екен. Шаруа қожалының иесі ауру малға ғана емес, одан адамға да жұғатындығын жақсы біледі.

«Біз малды уақытында тексеріп, лабораторияға үш ай сайын сүтін де тексертіп, анықтамасын, бәрін алып тұрамыз. Сүт өнімдері таза, дұрыс болғаны жақсы. Төл жаңадан туылған кезде мал дәрігеріне хабарламасыз. Ол кісілер келіп, сырғалап, паспорт ашып, тіркеп кетеді. Сосын мал сатсақта хабарын айтамыз», - деді шаруа қожалығының иесі Бахытқали МҰЗДЫБАЕВ.

Қазір ветеринарлардың уақытын планшет анағұрлым үнемдейді. Өйткені, ортақ базаға вакцинаның салынған уақыты мен тізімін толық көрсетіп, тіркеуге мүмкіндік бар. Айта кетейік, қаладағы жануарлардың барлығында ветеринарлық паспорты болады. Мал төлдеген немесе оны сатқан кезде құжатқа міндетті түрде өзгертулер енгізілуі тиіс.

«Ауыл шаруашылығы малдарынан емес, үй жануарлары ит, мысықпен жұмыс істегенімізде көбінше қала тұрғындары түсіністік танытпайды. Міндетті екенін. Құтырма ауруынан адамға қауіпті екеніне көңіл аудармайды. Үйдегі иттерін жіберіп қоятын да кездері болады. Планшетпен қазір жұмыс істеген өте қолайлы болып тұр. Планшетті қосып, ауыл шаруашылық малдарының жеке тіркеу базасына кіреміз. Сол база бойынша жұмыс істейміз», - деді Алматы қаласы «Ветеринария орталығы» МҚК мал дәрігері Жомарт КӘРІМОВ.

1 ақпаннан бастап ветеринарлар 2 мың 700 ірі қара, 1 жарым мың ұсақ, сондай-ақ 250 шошқаға аусылға қарсы екпе жасауды жоспарлап отыр. Кейін ірі қара малға пастереллёз, бруцеллёз, қара сан мен сібір жарасына қарсы дәрі құяды. Осылайша мал дәрігерлері жұқпалы аурулардың таралмалуын жіті қадағаламақ.

Жадыра Омаржан, Рәшид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы

Новости партнеров