Алматыда «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары жетістікке жету жолдарын айтты

07.06.2018 в 16:26

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары Алматыда конференция өткізді. Кездесуде олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жетістікке жету жолдарын айтты. «Нағыз батырлардың құпиялары» атты 4-ші бейресми конференцияда Серік Есматов өмірдің сынақтары мен қиындықтарына мойымай, арманға қол жеткізуді кеңінен түсіндірді.

«Жол апатына түсіп, екі аяғымнан айырылғанда, мен үшін өмір бітті деп ойладым. Алайда маған күш берген ата-анам мен жақындарым. Олар менің болашағымнан зор үміт күтетіндерін айтты. Күннен күнге мотивация беріп, өмірге деген құлшынысымды арттырды. Армансыз адам, қанатсыз құспен тең,- дейді. Мен де аяққа тұрып, басқалар секілді өмір сүргім келді. Менің қолымнан келді»,-деді "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Серік ЕСМАТОВ.