Алматыда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
ҚР БҒМ ҒК Сеймологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің мәліметіне сәйкес сағат 15:20 жерасты дүмпулерін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған.
Жерасты дүмпулерінің магнитудасы MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген. Алматы тұрғындарына жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді.