|
30.05.2018 | 12:54
977

Алматыда 2 мыңнан астам адам менингит күдігіне ілікті

Алматыда 2 мыңнан астам адам менингит күдігіне ілікті


Менингит ауруына сезікті - деген екі мыңнан аса қазақстандық медициналық тексеріске қайтарылған. Нәтижесінде, олардың арасынан ауруды тасымалдаушы екі адам және менингококк инфекциясын жұқтырған үш науқас анықталыпты. Денсаулық сақтау министрлігі берген мәліметке жүгінсек, биыл елімізде осы дертке шалдығу бойынша  62 дерек тіркелсе, соның сегізі қайғылы аяқталды. Дерттен көз жұму деректерінің басым бөлігі Алматыда тіркелді. 

«Вакцинация мәселесі көзделген жоқ. Неге десеңіз, ел бойынша осы менингит ауруының деңгейі төмен деңгейде. Мысалы, вакцинация енгізу үшін ел бойынша бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда екіден асуы керек»,-деді  

ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек БЕКШИН.

Еліміздің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, менингитке қарсы міндетті екпе жоқ. Сол себепті жауапты ведомства эпидемияға қарсы шараларды ғана жүргізеді екен. Айта кетейік, бүгінде бір екпе құны 22 мың теңге тұрады. Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік емханаларда оның бағасын 3-4 мың теңгеге түсіру жағын қарастырып жатыр.




Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир