Алматыда 2000-ға жуық отбасы баспаналы болады

12.07.2017 17:50

Алматыда биыл күзде 2000-ға жуық отбасы баспаналы болады. Бұл жергілікті әкімдіктің "Нұрлы Жол" және "Бәйтерек девелопмент" бағдарламалары арқылы жүзеге асырылмақ. Жалпы, 35 көп қабатты тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Халыққа шот ашуды барынша жеңілдету мақсатында Тәуелсіздік алаңында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа бөлімшесі ашылды. Жаңадан қолданысқа берілген кеңсе күніне 500 адамды қабылдай алады. Баспана алуға тағы қандай шаралар жасалуда?

14 жастағы Ильхам Гаппаров «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің ең жас салымшысы. Шотты осыдан 2 жыл бұрын анасымен бірге ашқан. Әзірге банкке ақшаны Гүлхан Дараева құйып жүр. Бірақ жуық арада ол өзі де төлей алады деп отыр ол. Шотты 18 жасқа дейін жинап, басты арманы баласына пәтер алып беру. Жаңадан іске қосылған банктің бөлімшесіне шоттарын тексеріп, жоспар құруға келді.

«Бұл банкке екі жыл бұрын мектепте келіп, мен өзім мектепте жұмыс істеймін. Мектепке келіп ақпарат берген болатын. Сол жерде біздің ұстаздар да болған. Үй алған. 2 жыл бұрын счет ашқан болатынбыз. Ұлыма, өзіме. Семейный пакет деп сенімді болашақта»,- деді Салымшы, Гүлхан ДАРАЕВА.

Банкте Ильхам секілді балаға 120 мыңнан аса шот ашылған. Күніне бір жарым мыңнан астам адам келісім шартқа отырса , 1,3 млн салымшы бар. Жыл соңында депозитке 20 пайыз үстеме төлейді. Ал, қаржы мекемесі үстіне тағы 2 пайыз қосып береді. Былтыр Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қаржы министрлігі 17 млрд теңгеден астам ақша  құйыпты. 14 жыл ішінде 140 мыңнан аса адамға несие берілген. Ал биыл басты назарда "Нұрлы жер" бағдарламасы тұр.

«Ол үшін банктің клиенті болу керек. Шотқа ақша толтыру керек. Тең жартысы бізде акиматта тұрған очередьте тұрғандарға беріледі. Қалғаны 50 пайызы біздің банктің салымшыларына беріледі. Бүгінгі күні бізде 132 мың салымшы бар Алматы бойынша. Биыл қаңтардан бастап 26 мың салымшы толтырылды. Ал сумма бойынша қазір 1 млрд теңге салым жатыр»,- деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» филиал директорының орынбасары, Диас РАХЫМХАН.

Айтпақшы, 1-ші сәуірден бастап шот ашу үшін банкте төлем ұсталынбайды. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 650 пәтерлік 17 үй, ал «Бәйтерек девелопмент» желісіне сәйкес 1100-ден аса пәтерге арналған 18 үй тұрғызылады. Үйлер биылғы жылдың күзінде пайдалануға берілді. Сондай-ақ,

Шұғыла ықшамауданындағы 7 үйге "Өз үйім" бағдарламасы бойынша 496 пәтер тамыз айында халыққа беріледі деп күтілуде.

«Атлетикалық ауылдағы үйлерді таратып болдық. Бұл 1748 пәтер. Ал енді алдағы 6 айда 3 мыңға жуық баспананы таратамыз деген жоспар бар. Бұл "Жас Қанат" шағын ауданында 1780 пәтер, Алматы облысы Талғарда орналасқан тұрғын үйлерді де келісім бойынша кезекте тұрғандарға сонда да береміз. Өйткені, бұл жер қалаға жақын. Онда 378 пәтерді үлестіреміз. Медеу ауданындағы Алатау елді-мекенінде 50 пәтер, Алғабас 6-да 72 пәтер беріледі. Сатып алу мүмкіндігі бар үйлер бұл»,- деді Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары, Тимур ӘБІЛОВ.

Еске сала кетейік, Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы аясында 5 мыңнан аса пәтер салынып, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл сайын көбейе бермек.

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, «Алматы» телеарнасы