Алматыда 262 кәсіпорын басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды

30.10.2017 22:17

Алматыда жыл басынан бері жұмыскерлерге айлығын уақытылы бермеген заңды тұлғалардан 324 миллион теңге өндірілген. Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы қаладағы 262 кәсіпорын басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тартыпты. Осылайша, 1 мың 625 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған.

«Ең бастысы жұмысқа адам қабылданған кезде еңбек шартын талап етпесе, еңбек шартынсыз жұмысқа қабылданатын болса, барлық құқықтарынан айырылуы мүмкін. Оған уақытында еңбек демалысын төлемеуі, еңбек ақысын уақытылы алмауы және әлеуметтік зейнетақы аударылымдары жасалмауы мүмкін»,- деді Алматы қаласы мемлекеттік еңбек испекциясы және көші-қон басқармасы басшысының орынбасары, Алмат ҚАЛДЫБАЕВ.


Теги: жұмыскер