Алматыда 30-ға жуық оқу нысаны сейсмикалық нығайтудан өткізіледі

07.09.2017 в 21:03

Алматыда биыл алғаш рет 30-ға жуық оқу нысаны сейсмикалық нығайтудан өткізіледі. Оның қатарында, 22 мектеп пен алты балабақша бар. Қала әкімі Бауыржан Байбек бірқатар оқу нысандарын аралап көрді. Қазір төрт мектеп пен нөмірі 69 бен 80-ші бөбекжайда сейсмикалық күшейту жұмыстары толықтай аяқталған. Ал, қалғандарында жұмыс желтоқсан айында бітеді. Аталған жұмыстар оқушылар мен ұстаздардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүзеге асуда. Бұған нысандардағы тіреуіш конструкциялық құрылғыларды бекіту, абаттандыру, инженерлік желілерді ауыстыру мен әрлеу жұмыстары да кіреді. Ал сеймсикалық күшейту жүріп жатқан мектептердегі 17 мыңға жуық оқушы жақын маңдағы басқа мектептерге орналастырған.

¤«Алматы қаласында 21 мектепке сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 2017-2018-ші оқу жылына дейін 5 мектепте яғни 71, 53,63,106,137-ші мектептерде құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал қалған 16 мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары ағымдағы жылдың 4-ші тоқсанына жоспарланып отыр»,- деді Білім басқармасының техникалық қадағалау бөлімінің бас маманы Еркебұлан АЙТПАЕВ.

¤Айта кетейік, соңғы 5 жылда қалада 15 мың орындық 280 балабақша және 14 мың орындық 12 мектеп ашылды. Тек өткен жылы ғана жергілікті бюджет есебінен 500 бүлдіршінге арналған 4 балабақша іске қосылған болатын.