Алматыда 4 бірдей Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатты

03.05.2018 03:23

Алматыда бір күннің ішінде 4 бірдей халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын тоқтатты. Бұл қызмет көрсету орындарының жабылуына халықтың өте аз келуі себеп. Оның үстіне, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің дені сандық жүйеге ауысқан. Тұрғындар көп жұмыстарын мобильді қосымша арқылы тындырады. Сондықтан Алмалы ауданындағы, Бостандық, Жетісу және Түрксіб ауданындағы фронт офистар жабылған.

«Мұның бәрі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында істеліп жатқан шаруалар. Өйткені бүгінгі күні еліміз бойынша «Цифрлық Қазақстанға» халық қызмет көрсету орталықтарының мамандары оқытулар өткізіп жатыр. Бүкіл мекемелерге барып, оқытулар өткізіп жатыр. Соның салдарынан біздің сауатты азаматтардың саны артып отыр», - деді Алматы қаласы Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері