Алматыда 40 өндірістік жоба қаржыландырылмақ. Бұл, өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту картасы арқылы жүзеге асады. Осы орайда, кәсіпкерлер палатасы инвестиция тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еліміз бойынша аталған бағдарлама аясында 9,7 млрд теңге көлемінде 20 жобаға қолдау көрсетіліп, сол сияқты тағы 28 жоба қаржыландыру үстінде.
Құбыржол арматурасын өндіретін зауыт өнімдері барлық стандарттарға сай болғандықтан, бүкіл республикаға таратылады. Яғни, Зауыт өнімдері мұнай, газ, ауа, мазут тасымалдау үшін қолданылады. Өндіріс орны алдағы уақытта шетелдік қаржыгерлердың инвестиция салуын күтіп отыр.
«Нақтырақ айтсақ, зауытта жылына 90 мыңға жуық өнім шығарылады. Бұл тек құбыр жапқышы бойынша, ал 30-35 мың көлемінде шарлы шүмектер өндіреміз»,- деді «Қазақстандық құбыржол арматурасы зауыты» ЖШС директоры, Ринат ГУСАИНОВ.
Дайын болған өнімнің сапасын мынадай арнайы құрылғының көмегімен қысым беру арқылы тексеруге болады. Күніне бұл құрылғы арқылы 50-ден аса құбыр сынақтан өтеді.
Отандық нарықта 2010 жылдан бері талмай еңбек етіп келе жатқан қазақстандық құбыржол арматурасын өндіретін зауыт биыл өндіріс ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазір зауытта 50 адам еңбек етеді. Егер жаңа жоба сәтті іске асса онда 200-ге тарта жоғары білікті мамандарына жұмыс орны пайда болады. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының дамуына сеп болмақ. Қазір кәсіпкерлер палатасы тарапынан кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы бойынша 260-тай инвестициялық жобалар базасы құрылған. Базада жоба қатысушыларының, кәсіпкерлердің тізімі бар.
«Біздің міндетіміз кәсіпкерлерге инвесторлар тауып беру, бизнес-жобаларды ұйымдастыру, даму институттары арқылы қаржыландыру, ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту сияқты жұмыстар жүргіземіз. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан аталмыш қолдаулар бар екенін құлағдар етіп жатырмыз»,- деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасысының бөлім басшысы, Алма ТҰРЛЫБАЕВА.
Елімізде 9,7 млрд теңгеге шақталған 20 жобаға қолдау көрсетілсе, сол сияқты тағы 28 жобаны қаржыландыру көзделуде. Ал, инвесторлардың көңілін тапқысы келген кәсіпкерлер жоба жасаудан жарысып жатыр.
Назкен Байтілес, Мұрат Тайжан, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы