Алматыда 50-ге жуық көлік соқтығысқан

Алматыда 50-ге жуық көлік соқтығысқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 50-ге жуық көлік соқтығысты. Абырой болғанда бір бірін итермелей келіп, үймелеп қалған машиналардан ауыр жарақат алған адам кездеспеді. Әл-Фараби даңғылының бойында орын алған көлік қақтығысынан 15 машина зардап шеккен. Бастапқыда Әл-Фараби даңғылы мен Диваев көшесіне дейінгі аралықта Mitsubishi Delica мен Honda CR-V автокөліктері соқтығысса, кейін зуылдаған жүргізушілер бірінің үстіне бірі үймелей берген. Ал шығыс айналма жолында бір мезетте үш жерде көлік апаты тіркелді. Нәтижесінде, майысып қалған машиналардың саны 20-дан асып кеткен. Оқиғадан тек аяғы ауыр әйел мен бір бала жарақат алған. Ішкі істер департаментінің өкілдері бұл жағдайды қысқы дөңгелектерін ерте ауыстырып, жүргізушілердің тайғақ жолға тап келуімен байланыстырып отыр. 

«Арақашықтықты сақтамаған және тайғанаққа дайын болмаған жүргізушілердің  өздері кінәлі.Күнделікті Алматы көшелеріне екі мыңға жуық полиция шығады. Бірақ апаттар көп болған соң қосымша күш шақыруға мәжбүр болдық»,- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.







Новости партнеров