Алматыда ағза ауыстыру кезінде қаза тапқан науқастың өліміне кінәлілер анықталып жатыр

28.03.2017 17:15

Өткен айда Алматыда ағза ауыстыру кезінде қаза тапқан науқастың өліміне кінәлілер анықталып жатыр. Қалалық ішкі істер департаменті болған оқиғаға  байланысты қылмыстық іс қозғап, жайттың жай-жапсарын тізуде. Осыған дейін, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов трансплантацияның тәуекелді ота екенін айтқан еді. Оның сөзінше, марқұм пышаққа түспес бұрын, жазбаша рұқсатын қалдырып кеткен. Ал, полицейлер әзірге қандай да бір мәлімет айтуға асықпайды. Есте болса, былтыр 7-желтоқсанда Алматыдағы №7 ауруханада ағза ауыстыру отасы жасалған еді. Бір айдан кейін науқас ес жимастан мерт болды.