Алматыда қос бірдей қонақ үй салынып жатыр. Қала басшысы Бауыржан Байбек жаңа нысандардың құрылысымен танысып, алаңдарын аралады. Мәселен, Медеу ауданындағы мына мейман үйі биыл қолданысқа берілмек. Оның құрылысына 7 миллиард теңге инвестиция тартылған екен. Оның 2 миллиард 6 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы бөлінген. Алмалы ауданындағы мына қонақ үйдің де құрылысы биыл күзде аяқталады деп жоспарлануда. Қолданысқа берілген соң, 160 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Бастысы - бағасы қолжетімді болады.
«Бағасы тиімді болады деген жоспарымыз бар. Өйткені, қазіргі таңда Қазақстанда, оның ішінде Алматы қаласында қонақ үйлер өте көп. Сондықтан да біз олармен бәсекелес боламыз деп ойлап отырмыз. Бұл нысанның бой көтеруіне негізінен Алматы қаласының әкімдігі, сондай-ақ «Даму» қорының «Бизнестың жол картасы-2020» бағдарламасы. Жалпы көлемі 4,4 миллиард теңге бөлініген «Даму» қорынан. «Абли Құрылыс» ЖШС тарапынан 2 миллиардтай теңге қаржы бөлінген», - деді «Double Tree by Hilton» қонақ үйінің НR-менеджері Гүлдана ТОҚТЫБАЕВА.
Қазір Алматыда бас-аяғы 170 қонақ үй нысаны жұмыс істеуде. Бұл шамамен 8 жарым мың бөлме-нөмірін құрайды. Қызмет көрсету сапасы да жақсарып, 2016 жылмен салыстырғанда былтыр 16,3 пайызға артқан екен.