Алматыда алтын алатын шикізатты қытайға тасыған топ құрықталды

09.01.2018 22:55

Алматыда алтын алатын шикізатты қытайға тасыған топ құрықталды. Күдіктілер алтын концентраттарын Алматыға, Астанаға, Степногорскіге және Қытайға тасыған. Қамауға алынғандар арасында қытайлық күдікті де бар. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері тінту барысында қоймалардан шикізатта қымбат металдардың бар-жоғын анықтайтын заңсыз зертхананы да тапқан. "Алтынкөл" стансасынан Қытайға өтпек болған екі вагоннан  құрамында алтыны  бар 106 тонна руда шыққан. Тергеудің өзге мәліметтері құпия сақталуда. Алдын ала болжам бойынша, контрабандалық концентраттың құны 33 млн 116 мың теңге.