Алматыда қызмет барысында арнайы жасақтың аға инспекторын көлік қағып кетті. Полиция капитаны Жандос Нұрғазиев оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Алматы-Қапшағай тас жолында болған. Ол 1986 жылы туған. Ішкі істер органында 2009 жылдан бері қызмет еткен. Үйленген, артында екі баласы қалды.