Алматыда «Балалар әлем ырғағында» атты фестивалі өз мәресіне жетті

11.10.2017 в 01:40

Алматыда «балалар әлем ырғағында» атты жастардың шығармашылық фестивалі өз мәресіне жетті. 1 апта аралығында еліміздің әр өңірінен келген талантты жеткіншектер бар өнерін ортаға салды. Олар вокал, музыка және хореография бойынша сынға түсті. Жалпы сайысқа қатысуға 2000 бала ниет білдірген. Қазылар алқасы 3 номинация бойынша тек 18 дарынды таңдап алуы керек болатын. Десе де, әділ қазы ең мықты деген 24 өнерпазы іріктеп алды. Олар, ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде өтетін гала-концертке жолдама алды.