Алматыда беймәлім жүргізуші тал түсте екі адамды қағып кетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда оқыс оқиға. Беймәлім жүргізуші тал түсте екі адамды қағып кетті. Жылдамдықты арттырған рулдегі адамның әрекеті бейнебақылауға түсіп қалған. Түрксіб ауданында Ақан сері көшесімен зымыратқан Toyota Mark II автокөлігіндегі жігіт адамдармен қоса дүкенді соғып өтіп, тұрақтағы машинаны қаққаны кадрдан анық көрінеді. Жолда кездескендердің бәрін жапырған көлік телеграв бағанына барып бірақ тоқтады. Жаяу жүргінші жолында өтіп бара жатқан 54 жастағы егде әйел мен 64 жастағы ер адам ауыр дене жарақаттарын алды. Ал, апат жасаған көлікте аяғы ауыр әйел де отырған. Бірақ ол абырой болғанда аман. Қазір Ішкі істер департаментінің қызметкерлері оқиғаны тексеріп, тергеп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00