Алматыда Бірінші Республикалық «Көшпенділер әуені» байқауы басталды

23.10.2017 22:35

Алматыда Бірінші Республикалық «Көшпенділер әуені» байқауы басталды. Халық аспаптарында ойнайтын орындаушылар сайысына еліміздің әр өңірінен 100-ге тарта студент қатысты. Ұлттық музыканың дамуына жаңа серпін беріп, домбыра, қобыз өнеріне деген қызығушылықты арттыруды көздейтін жарыс 2 номинация бойынша өтеді. Ол - қобыз және шертпелі аспаптар тобы.  Жүлделі орындарға ие болған байқау жеңімпаздарына қаржылай сыйақы тағайындалады. Бас жүлдегерге 400 мың теңге беріледі.

«Жас орындаушылардың талантын көрсетіп, оларға мүмкіндік беру үшін конкурс ұйымдастырылып отыр. Біздер үшін домбыра, қобыз аспабы көріне бермейді. Сондықтан, халықтың осы аспаптарын насихаттау үшін осы байқауды ұйымдастырдық. Қатысушы көп болғандықтан, орын беру жағына да қарастырдық. Гран-при, 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар, дипломант және директордың өзінің сыйлығы»,- деді П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі ұйымдастыру комитетінің мүшесі, Лаула ТАБЫСБЕКҚЫЗЫ.