Алматыда бірқатар үйлерге ыстық су беру тоқтатылады

21.06.2018 22:00

Алмалы ауданында бірқатар үйлерге ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Коммуналдық қызметтердің хабарлауынша, 22-27 маусым аралығында Алмалы Досмұхамедов - Жібек Жолы - Байтұрсынов - Гоголь - Сейфуллин - Мақатаев көшелерінің шаршысында ыстық су беру тоқтатылады. «Бұл жылу желілерін күрделі жөндеуден өткізу үшін қажет болып  отыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз», - деді кәсіпорын өкілдері.


Теги: су