|
18.06.2018 | 12:56
2478

Алматыда Брест қамалын қорғаған соңғы қазақ ардагері Ғаббас Жұматов дүниеден озды

Алматыда Брест қамалын қорғаған соңғы қазақ ардагері Ғаббас Жұматов дүниеден озды

Бүгін Алматылықтар Ұлы Отан Соғысының ардагері  Ғаббас Жұматовты ақтық сапарға шығарып салды. Ғаббас ақсақал, екінші дүние жүзілік соғыстың басынан аяғына дейін қатысқан, Брест қамалын қорғаған соңғы қазақ ардагері болатын. 22 жасында майданға аттанған қазақ сарбазы Мәскеуді қорғаудан бөлек  Украина, Румыния, Югославия,  Венгрия, Астрия елдерін неміс фашистерінен азат ету  үшін қиян кескі ұрыстар жүргізді. Соғыста бірнеше рет ауыр жарақат алса да, жазылған соң қайсар жауынгер қайтадан майдан даласына сұранып отырған.  99 жасында дүниеден озған Ғаббас Жұматовты  ақтық сапарға шығарып салуға қоғам қайраткерлері, кейін бейбіт өмірде бірге қызметтес болған әріптестері мен шәкірттері жиналды.

«1100 жылдығын өткіземіз деп тойға дайындалып жүргенде өмірден озды. Қарасаңыздар жарқын өмір сүрді. Мына соғыста кім соғысты, қалай соғысты деп әртүрлі баға беріп жатқан кезде ағамыздың рөлі зор болды. Ешуақытта тынбайтұғын»,-деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман АЛШАНОВ. 


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир