Алматыда Денсаулық күні акциясы ұйымдастырылды

20.07.2018 19:40

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті әр қазақстандық өзінен бастау керек.

Осы мақсатта Алматы қаласының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Адал жол» марафоны аясында Денсаулық күні акциясын ұйымдастырды. Алмалы ауданының дәрігерлері Арбат алаңында тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілді көлемі жөнінде кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді.  

«Әлеуметтік сала болсын, денсаулық саласы болсын, білім саласында парасыз әр азамат осы мемлекеттік қызметті алуға тиіс. Және осыны біз насихаттап жатырмыз. Ең бірінші мақсаты Адал жол - Честный путь деген марафонның халықтың сана-сезімін ашу және өзімізден бастау», – деді  Алматы қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Елнар ИГІЛІКОВ.