Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің өлі денесі табылды

Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің өлі денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан екі бүлдіршіннің өлі денесі табылды. Қандықол балалардың мүрдесін бөлшектеп, қаптарға салған. Сасық иістің шығып жатқанын көршілер сезіп, полицияға хабарлапты. Ізінше, тәртіп сақшылары күдіктілерді іздеуге кіріседі. Көп ұзамай сезікті адамдар қолға түскен екен. Полиция «бүлдіршіндерді аяусыз өлтірген 29 жастағы Өзбекстан азаматы», - дейді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Анықталғаны - күдікті, өлген балалардың шешесімен бірге тұрып келген. Қазір тәртіп сақшылары қанды қылмыстан кейін, күдіктімен бірге із суытқан марқұм балалардың анасынан да жауап алуда.

  

- Әмір, жантүршігерлік оқиға қалай болған? Көршілер мен құзырлы орган өкілдері не дейді? ¤

Ия Нұрсұлтан, қос сәбидің мүрдесі бірінші алматы вокзалына жақын Сауранбаев көшесіндегі, яғни мына үйлердің үшінші қабатындағы 35 пәтерден табылған. Бір бөлмелі пәтердің қожайыны Шымкентте тұрады. Бірақ ол адам пәтерді таныстары арқылы тәуліктік және сағаттық жалға беріп отырған. Дәл осы ғимараттың екі бұрышында Түрксіб аудандық көші-қон полициясы, әкімшілік полициясы  және ішкі істер департаментінің бөлімшелері орналасқан. Бірақ, мүрделердің сасып кеткенін осындағы полицейлер емес, төртінші қабаттағы тұрғын сезген. 

¤¤«Сасық иіс шығып жатыр ашайық дедім. Үй таптаза, тоңазытқыш теріс қарап тұр. Тоңазытқышты былай бұрып едік ішінен сумка шықты. Мен ішін ашып қарадым едім екі баланың мәйті салған екен», - деді қала тұрғыны  ¤Советбек СЛӘМБАЕВ. ¤

Қазір бұл оқиғаға қатысты  полицейлер қандай да бір нақты мәлмет бермей отыр. Бірақ, бейресми мәлімет бойынша бір, бір жарым жастағы  сәбилер  пәтерде емес, басқа жерде өлтіріліп, осында жексенбі күні түнде жеткізілген. Оларды қандай мақсатта  өлтіргеніде анық емес. Ал тұрғындар, жалпы осы вокзал маңындағы үйлерде  қылмыстың көп орын алатынын, жергілікті учаскелік полицейлер жұмысына көңілдері толмайтынын жеткізді.

¤«Маржан деген қыз бар. Ол жезөкшелерді осында әкеледі. Ақшасын осы жерде алады. Менің осы жерде тұрғаныма 20 жыл болды. Мен осында келгелі жоғарыдағы пәтер жалға беріледі. Ешкім ешқанадй шара қолданбайды. Мен зейтенкермін, маған тыныштық керек», - деді қала тұрғыны  Райхан. 

¤«Полицейлерге көңіліміз толмайды. Себебі еш шара қолданбайды. Сыбайластарда. Соны тоқтату керек. Сұмдыққой мынау .Менің жүрегім ауырып жұмысқа да бара алмадым», - деді қала тұрғыны Советбек СЛӘМБАЕВ. ¤¤

Мүрделері табылған екі сәбидің ата-аналары да белгісіз. Құқық қорғау қызметкерлері бала өлімі бойынша қылмыстық кодекстің 99 бабымен іс қозғаған. Ал пәтерді жалға берген Малика есімді келіншектің айтуынша, күдікті Өзбекстанға қашып бара жатқан жерінде қолға түскен. «Бұрында істі болып, түрмеге қамалған», - деді. Сонымен қатар, ол келіншектің сыбайластары да Алматыда ұсталған. Күдіктілердің жылдам таблыуына келіншектің ұялы телефонын пәтерде ұмытып кетуі көмектескен. Көршілер пәтерді ашқанда мүрде салынған тоқазытқыш тоқтан үзулі болған көрінеді. Нұрсұлтан мендегі бар ақпарат әзірге осы.  

¤- Рахмет Әмір. құрметті көрермен біз хабарымызды өзге жаңалықтармен жалғастырамыз.


Новости партнеров