Алматыда жанармай тапшы

Алматыда жанармай тапшы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бензин тапшы. Қаладағы жанармай қоры ары кетсе 8-10 күнге ғана жетеді. Бұл туралы қала басшысының орынбасары Алмас Мәдиев мәлімдеді. Айтуынша, қазір қорда бар-жоғы 15 мың тонна ғана жанармай қалған. Сондықтан бұл мәселені жедел түрде шешпесе, онда Алматы бензинсіз қалмақ. Әкім орынбасары проблеманы Энергетика министрлігіне естірткен екен. Алдағы уақытта шешімі табылады деп отыр. Сондықтан жұртты абыржымауға шақырды.                


«Министрлік өкілдерімен бірлесіп, шұғыл жиын өткіздік. Нәтижесінде, Алматыға қосымша жанармай қоры жеткізілетін болды. Сондай-ақ табиғи монополияны реттеу қызметкерлерімен жанармай құю бекеттеріне тексеріс жүргіздік. Олар қорда бар бензинді сары майдай сақтап отырмай, сату керек. Әйтпесе, жағдай мүлде ушығады», - деді қала әкімінің орынбасары Алмас МӘДИЕВ.


Новости партнеров