Бұдан-былай бес минутта бизнесті рәсімдеуге болды. Ол үшін е-gov сайтында жаңа қызмет іске қосылды.
Енді жеке компанияларды тіркеу үшін құшақ-құшақ құжаттарды жинап, бірнеше күн күтудің қажеті жоқ. Бұған дейін жауапкершілгі шектеулі серіктестіктерді тіркеу айларға созылатын. Ал шарттар уақыты кідіріп, кәсіпкерлер шығынға ұшырап жататын. Сайтта онлайн-тіркеу қызметі басталғаннан кейін мұның барлығы өзгерді.
Әділет департаменті бұл қызмет Дүниежүзілік банктің талабы бойынша енгізілгенін алға тартады.
Айта кетсек, компания қызметкерлерін онлайн сақтандыру қазір банк арқылы жүзеге асырылуда. Алматыда осы жылдың бірінші жартысында алты мыңнан астам серіктестік тіркелген.
«Бұрын банктен шот ашу үшін банкке барып, сауалнама толтыру міндетті еді. Одан соң жұмыскерді сақтандыру үшін сақтандыру компаниясына барып, тек содан кейін ғана мемлекеттік кірістер органдарына баратын. Енді бұлай әр есікті бір қағып жүрудің қажеті жоқ. Жаңа жүйе кәсіпкерлердің көңілінен шықса, мамандардың жұмысы біршама жеңілдейді. Қазір Қазақстан Дуинг рейтінгісі бойынша, 189 елдің ішінен 41-орында тұр», – деді Алматы қаласы Әділет департаменті заңды тұлғаларды тіркеу жұмысын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Ақерке КОЖАХМЕТОВА.