Алматыда 3 күнге созылған «Жас Өркен» фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Байқауға Алматы қаласы Бостандық ауданының 11 колледжінен 54 студент қатысқан. Олар көркемсөз оқу, вокал, эссе номинациялары бойынша бақтарын сынаған. Жеңімпаздарға арнайы грамоталар мен тұрмыстық техника табысталды. Фестиваль «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.
«Біз жаңағы «Жас Өркен» деп атап, былтырдан бері дәстүрлі түрде Бостандық ауданының колледждарының арасында жас талантты ашуды қолға алдық. Колледж, универ арасында болсын талантты, дарынды балалар өте көп. Сондықтан осы талантты ашу үшін, патриоттық темаға арнап отырмыз биылғы «Жас Өркен» фестивалін», - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан БАЛБАЕВА.