Алматыда жастарды баспанамен қамту үшін 1 млрд теңге қаражат бөлінбек

07.10.2017 02:56

Осы тұста, Алматыда жастарды баспанамен қамту үшін қалалық қазынадан 1 млрд теңгеден аса қаражат бөлінетін болды. Бұл туралы мәслихат депутаттары мәлімдеді. Жаңа жобаға сәйкес, енді жастарға арналған несие 5 пайызбен беріледі. Жалпы, әлеуметтік саланы дамыту үшін шаһар бюджетінен 1 млрд 800 млн теңге бөлу қарастырылған.

¤«Бұл мәселені шешу үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы тұрғын үй сатып алу үшін жастарға жеңілдікпен несие беру механизмі ұсынылады және ол 5 пайыз мөлшерінде болады. Бұдан бөлек, 303 миллион теңгеден астам  қаражат денсаулық сақтау саласына, жедел жәрдем шақыру санын көбейтуге байланысты шығындарды жабуға, 3 аурухананың сейсмикалық жағдайын күшейтуге және онкологиялық орталық салуға бөлінеді деп жоспарланып отыр», - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы  Ілияс ӨСЕРОВ.

¤Қазір қала қазынасында 100 млрд теңге бар. Оның 71 миллионы - "балапан" бағдарламасы бойынша 900-ге жуық баланы бөбекжайға орналастыру үшін жұмсалмақ. Сонымен қатар, қала бюджетінің есебінен ішкі істер департаментіне 10 эвакуатор алынады. Қалалық соттың құрылысы мен екі өрт сөндіру орталығын ашуға жұмсалатын қаржы да жергілікті бюджеттен қарастырылған.